Жаңалықтар

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев қамауға алынды

Ол 2022 жылғы қаңтар оқиғасы кезінде қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікке ілінді.

Бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ұсталды. Бұл ақпаратты Бас прокуратура растады.

Еске салайық, Ерлан Тұрғымбаев ҚР Ішкі істер министрлігін 2019-2022 жылдар аралығында ішкі істер министрі қызметін атқарды. 2022 жылғы қаңтар оқиғасынан кейін ол бұл қызметтен бсатылды.

Биылғы наурыздың соңында Бас прокуратура бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев пен басқа да полиция органдарының басшыларының қылмыстық қудалауға түсуі туралы ақпаратқа түсініктеме берген болатын.

2022 жылдың басынан бастап Бас прокуратура қаңтар оқиғалары кезеңінде құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етпеуге, сондай-ақ азаматтарға азаптауды қолдануға байланысты күш органдарының қызметкерлеріне қатысты тергеп-тексерулерді жалғастыруда.

“Оларды жасағаны үшін соттармен облыстық полиция және ұлттық қауіпсіздік органдарының бірқатар басшылары мен қызметкерлері сотталды. Жүргізіліп жатқан тергеп-тексерулер шеңберінде Ішкі істер экс-министрі Ерлан Тұрғымбаевтан жауап алынды”, – деп жазылған хабарламада.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button