Жаңалықтар

Синоптиктер Алматы мен Астана тұрғындарына тағы да ескерту жасады

Қазгидромет Алматы, Астана және тағы бір қала тұрғындарына қолайсыз метеорологиялық жағдай туралы ескертті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

“2024 жылғы 23 сәуірде Алматы, Астана қалаларында, түнде Атырауда қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді”, – делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button