Қазақстанда су тасқыны кезінде қанша адам қаза тапқан – ІІМ жауабы

“Бірнеше өңірде қайғылы оқиға тіркелді. Мысалы, Атырау облысында 4 адам, Түркістан облысында кішкентай бала суға батып кетті. Осы оқиғалар бойынша қылмыстық істер қозғалып, алдын ала тергеу амалдары жүріп жатыр”, – деді Марат Қожаев Сенаттың жалпы отырысынан соң.

БАҚ өкілі Абай облысы Аягөз ауданындағы тракторда отырған 2 адам суға кеткенін атап өтті.

“Осы деректер бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдарының нәтижесі бойынша шешім шығарылады”, – деді министрдің орынбасары.

Журналист “Тасқын судың құрбаны 5 адам деп айта аламыз ба? Әлде бұл дерекке Аягөздегі 2 адам өлімін де қосамыз ба? ” деп сұрағын нақтылады.

Марат Қожаев табиғи апаттан жалпы 7 адам қаза тапқанын жеткізді.

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp