Ақмола облысында су деңгейі көтеріліп, екі тасжолды еріген қар суы шайып кетті. Салдарынан тасжолда көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.
“Қазавтожол” мәліметінше, Көкшетау – Атбасар бағыты бойынша жолдардың 120-184 шақырымы (Максимовка ауылының учаскесі) жабық.
Екатеринбург – Алматы тас жолында 856-917 шақырымында (Солтүстік Қазақстан облысының шекара учаскесі-Жақсы кенті) автокөліктің барлық түрі үшін қозғалысты шектеу енгізілді.
Қандыағаш – Ембі – Шалқар – Ырғыз жолында автокөліктің барлық түрі үшін 3-92 шақырымында қозғалысқа шектеу енгізілді.
Жабық жол учаскелері:
• Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сайотес – Шетпе – Жетібай – Ақтау, 4-119 шақырым;
• Мұқыр – Құлсары, 0 – 136 шақырым.
Қостанай облысында “Мариновка ауылына кіреберіс” тасжолында (0-9 километр) автокөліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.
Денисовка – Тавриченка – Аршалы – Комаровка бағыты бойынша тасжол жабық, 42-96 шақырым.
Тобыл өзеніндесу деңгейінің көтерілуіне байланысты төтенше жағдайдың алдын алу үшін Қостанай – Жақсы – Қарабұтақ – Қостанай жолындағы көпір арқылы жүк және қоғамдық көлік түрлері үшін қозғалысты шектелді, 4-5 шақырым. Маңғыстау облысында жол бөлігін су шайып өтуіне байланысты Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сайотес – Шетпе – Жетібай – Ақтау жолында автокөліктің барлық түріне 210-220 шақырым жүруге шектеу қойылды”, – делінген “ҚазАвтоЖол” хабарламасында.
Солтүстік Қазақстан облысында Рощинское – Корнеевка – Волошинка тас жолына 0-47 шақырым шектеу енгізілді.
Жезқазған – Петропавл жолы жабылды, 869-875 шақырым. Екатеринбург – Алматы, 835-856 километр бағыты бойынша автокөліктің барлық түрі үшін қозғалысты шектеу енгізілді.
Челябинск – Новосибирск тасжолы да жабық, 525-530 шақырым.