Жаңалықтар

Қазақстанда «QAZAQ CULTURE» бірегей жобасы іске қосылды

Жаңа ақпараттық-танымдық портал Қазақстанның мәдени мұрасын насихаттау, ұлттық брендті дәріптеу және қазақ халқының тарихы мен мәдениетін таныстыру мақсатында Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен іске қосылды.

Ақпараттық порталда мұрағат қорының деректері де енгізілген. Бұл бөлімде мұрағаттардағы құнды деректер, құжаттар мен архивтік тарихи материалдармен еркін танысуға болады. Бұл бастама – зерттеушілер, тарихшылар және тарихқа қызығушылық танытатындар үшін баға жетпес ресурс.

Сайттың негізгі бөлімі – жаңалықтар блогы. Елдегі және әлемдегі барлық мәдени жаңалықтар осы айдарда жарияланатын болады. Жоба айтулы фестивальдар, жәрмеңкелер мен конкурстар, сондай-ақ театр қойылымдары мен отандық фильмдердің премьерасы, танымал және жас жазушылар кітаптарының тұсаукесері, көрмелер, мерейтойлық мерекелер, түрлі ауқымдағы өңірлік жобаларды қамтиды.

Сайттың басты ерекшелігі – бірыңғай билет жүйесі. Портал қолданушыларына ыңғайлы болу үшін белгілі бір мәдени іс-шараның билетін сатып алуға сілтеме беріледі.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button