Сотта Салтанат Нүкенованы ұрып-соққан видеосы көрсетілді

“Сағат 7:17-де Бишімбаев Нүкеновамен бірге лифтте екінші қабатқа көтеріліп, лифттен шыққан кезде Бишімбаев Нүкенованың басынан бірнеше рет ұрып, кейін ол жерге құлайды, Бишімбаев әрі қарай оны жамбасы мен саны аймағына бірнеше рет тебеді. Содан кейін ол оны шашынан ұстап тұрғызып, қайтадан қолымен басынан ұрады. Және тағы да соғады. Ол қайтадан құлайды. Сосын оны шашынан көтеріп, бірінші кабинаға қарай сүйрейді. Одан кейін таңғы сағат 08:08-де Бишімбаев кеудесі жалаң күйде кабинадан шығып, бардан алкоголь алып, қайта оралады. Сағат 09:27-де Бишімбаев кеудесі жалаң күйде тағы да ортаңғы залға шығып, бір минуттың ішінде қайтып оралады. Сағат 09:58-де Байжанов мейрамханаға келді”, – деп прокурор Айжан Аймағанова қылмыстық іс материалдарындағы видео сипаттамасын жариялады.

 

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp