Павлодарда әкімнің ұлы соққыға жыққан оқушы қыздың анасына айыппұл салынды

Сот үкімі бойынша, сол күні алтыншы сынып оқушысы физика сабағына бара жатқанда, оны жетінші сыныпта оқитын оқушы қыз бен оның құрбысы дәлізде күтіп алған. Қыз оның түрі, киген киімдері туралы кемсітетін сөздер айтып, оны өткізбей қойған, сонымен қатар сөмкесіндегі сусынын тартып алып, қайтармаған. Осыдан біраз уақыт бұрын ол сол мектептің төменгі сыныбында оқитын қарындасын “коротышка” деп мазақ қылған.

Нәтижесінде сот қыздың әрекетінде ұсақ бұзақылық болды деген қорытындыға келген. Анасы қызын тәрбиелеу бойынша өз міндеттерін орындамағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 51 688 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Еске салайық, бұған дейін интернетте Павлодар облысында аудан әкімінің ұлы оқушы қызды соққыға жыққаны туралы ақпарат пайда болған еді. Ақпаратты Оқу-ағарту министрлігі растады.

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp