Жаңалықтар

Гүлмира Сатыбалдыға қатысты жаңа тергеу аяқталды: ол қандай күдікке ілінген?

Гүлмира Сатыбалдыға қатысты жаңа тергеу аяқталды. Қазір процеске қатысушылар қылмыстық іс материалдарымен танысуды жалғастырып жатыр, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қайрат Сатыбалдыұлының бұрынғы жұбайына қатысты тергеумен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі айналысты. Антикор мәліметінше, Алматы тергеу сотының санкциясы бойынша Гүлмира Сатыбалды қамауда отыр.

“Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Г. Сатыбалды мен басқа адамдардың Қазақстан Қылмыстық кодексінің 126-бабы, 3-бөлігі, 3-тармағы (“Бас бостандығынан заңсыз айыру абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне не өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса” – еск.), 194-бөлігі, 4-бөлігі, 2-тармағы (“Қорқытып алу, аса iрi мөлшерде жасалса” – еск.) және 389-бабтың, 4-бөлігінде (“Өзiнше билiк ету, осы баптың екінші немесе үшінші бөлiктерiнде көзделген, ауыр зардаптарға әкеп соққан іс-әрекеттер” – еск.) көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деген күдік бойынша тергеуді аяқтады”, – деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Tengrinews.kz ресми сауал салуына жауабында.

Басқа ақпарат жариялауға жатпайды, деп хабарлады Антикор.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button