Жаңалықтар

Қазақстан мен Голливудтың бірлескен кинотуындысы жарыққа шығады

“Манекен” бар болғаны тоғыз күн ішінде түсірілген.

Алматыда қазақстандық-голливудтық “Мannequin” (Манекен) фильмінің баспасөз конференциясы өтті.
Қазақстанда ашылған алғашқы голливудтық WonderSilk Studios студиясы тоғыз күннің ішінде толыққанды кино түсіріп шыққан. “Манекен” фильмінің режиссері Аружан Досымқожаның сөзінше, картина әйел тағдыры туралы.

“Кез келген баласымен жалғыз қалған әйел бұл фильмде өз бейнесін көре алады. Декорация мен қара-ақ картинаға қарамастан, дәл сол қайталана беретін оқиға фильмге арқау болған. Ол әйелдерге шабыт беріп, бойларында күш-қуат пен бәріне төтеп беретін мүмкіндік барын айту үшін шығарылды. Қазіргі таңда әйелдерді тек кино саласында ғана емес, басқа да салаларда кеңінен қолдап жатқаны байқалады”, – деді Аружан Досымқожа.

Фильмнің басты рөлдерін қазақстандық танымал актриса Аянат Есмағамбетова мен танымал актер Санжар Мәди сомдады.

“Біз, ортаңғы буын өкілдері, кино мен өнер кең таралу үшін өмір сүреміз. Қазір адамдар бізге көмектескісі келеді. Қазіргі таңда тәуелсіз, талантты режиссерлер көп. “Қазақфильм” басшылығы ауысты. Ол да өте маңызды. Отыз жыл бойы ақсап келген қазақстандық киноны жаңартатын кез келді”, – деді актер Санжар Мәди.

“Манекеннің” премьерасы Нью-Йоркте 30 маусымда өтеді. Фильм қазақстандық прокатқа да шығады.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button