Жаңалықтар

Көлік министрлігінің басшысы Үрімші әуежайына барды

Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары аясында Көлік министрлігінің басшысы, Астана және Алматы қалалары әуежайларының өкілдері Үрімші Дивопу халықаралық әуежайына барды.

Сапар барысында қонақтарға Қытайдың шекаралас аймағының әуе айлағын дамыту бағдарламасы таныстырылды.

Жалпы Қытай Халық Республикасының Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында 28 әуежай бар. Үрімші қаласының әуежайы аймақтағы алдыңғы қатарлы нысан болып табылады. Өткен жылы 26 миллион жолаушыға қызмет көрсетілген. Тұрақты рейстерді 30 авиакомпания 200-ден астам ішкі және халықаралық бағыттар бойынша орындайды.

Сондай-ақ ҚР Көлік министрі ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы әуежайларының жедел басқару орталығына барды.

Сапар қорытындысы бойынша иараптар арасында жолаушылар мен жүк тасымалдарын дамыту жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button