Жаңалықтар

Қазақстанда сары ауруға шалдыққандар көбейді

Сырқаттың белгілері қандай?

2024 жылдың басынан бері елде жіті А вирустық гепатитінің 850 жағдайы тіркелді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,9 есе жоғары, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі. Соған орай, министрлік бұл сырқаттан сақтану жолдарын еске салды.

А вирустық гепатитінің берілу жолдары

А вирустық гепатиті лас сумен, ластанған тағаммен және науқаспен байланыста болғаннан кейін кір қолдар арқылы беріледі.

А вирустық гепатиті ауруының белгілері

Аурудың белгілері – дене температурасының жоғарылауы, бастың ауруы, тәбеттің төмендеуі, енжарлық, жүректің айнуы, құсу.

Инкубациялық кезең – 14-тен 35 күнге дейін.

А гепатитімен ауыратын науқас симптомдар пайда болғанға дейін 2 аптада және бір аптадан кейін басқаларға жұқпалы болады.

Вакцинациялау А вирустық гепатитінен қорғайды

Вакцинациялауға жатады:

• екі жастағы балалар;
• инфекция ошақтарындағы байланыстағы адамдар.

Гепатит инфекциясынан қалай сақтануға болады:

• тамақтанар алдында, дәретханаға барғаннан кейін, жұмыстан оралғанда, серуендегенде қолыңызды жуыңыз;
• шық су қоймаларынан қайнатылмаған су ішпеңіз және онымен жемістер мен көкөністерді жууға болмайды;
• ластанған су айдындарында шомылуға болмайды.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button