Жаңалықтар

Мәскеуде болған теракт: Зардап шеккендер арасында қазақстандық студенттер жоқ

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Мәскеуде орын алған жағдайға қатысты мәлімдеме жасады.

“22 наурызда Мәскеу облысындағы Crocus City Hall концерт залында теракт болды. Ресей Федерациясында “Болашақ” және “500 ғалым” бағдарламасы бойынша бүгінде 32 қазақстандық азамат білім алуда, 24 стипендиат Мәскеуде. Олардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Барлық стипендиаттар байланысқа шықты”, – делінген хабарламада.

Теракт кезінде қайтыс болғандар саны бүгінде 60-тан асты. 115 адам ауруханаға жеткізілген.

Ресейдің тергеу комитеті қаза болғандар саны әлі өсуі мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button