Жаңалықтар

Қазақстанның мемлекеттік қарызы шарықтау шегіне қаншалықты жақын?

Қазақстанның мемлекеттік қарызы 27 трлн теңгені құрайды, деп хабарлады қаржы министрі Мәди Тәкиев.

“2024 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша мемлекеттік қарыз 27 триллион теңгені құрайды. ЖІӨ-ге қатысты ол 22,8 пайызды құрайды. Бізде әлі де шектеу бар, бізде белгіленген лимит бар – 32 пайыздық шектеу қауіпсіз деп саналады”, – деді Мәди Тәкиев Үкімет отырысында.

2022 жылы Қазақстанның мемлекеттік қарызы 15,2%-ға өсіп, 25,3 трлн теңгеге (54,7 млрд доллар) жетті.

Jusan Analytics сарапшыларының мәліметінше, 2023 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша мемлекеттік қарыз 29,16 триллион теңгені құраған.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button