660 мыңнан астам қазақстандық жалған көмек сұраушыларға ақша аударған

Алаяқтар күмәнді мақсаттарына ақша жинау үшін 138 банктік картаны (краудфандингке) пайдаланған. Қаржылық мониторинг агенттігі қайырымдылық мақсатында жиналған 6 млрд қаржының 2 миллиардқа жуығында алаяқтық белгілері бар болуы ықтимал екенін айтты.

«Қаржы негізінен қайырымдылық мақсатта жиналған. «Жалған мұқтаждар» ақшаны жылжымалы және жылжымайтын мүлікті сатып алуға, тұрмыстық шығындарға, букмекерлік кеңселерде бәс тігуге және шетелден қымбат пәтерлерді жалға алуға жұмсайды. Жанашыр азаматтардың жақсы ниеті, алаяқтар үшін оңай табысқа айналуы мүмкін», делінген агенттік хабарламасында.

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp