Астанада жылумен жабдықтау қызметтері үшін негізсіз есептеу фактілері анықталды

Бұған дейін елорда тұрғындары қаңтар айындағы ақпан айындағы түбіртектерде көрсетілген жоғары жылу төлемдеріне шағымданған. Елордада жылумен жабдықтау қызметін «Астанаэнергосбыт» ЖШС табиғи монополиялар субъектісі көрсететіні белгілі.

Елорда тұрғындарының келіп түскен өтініштері негізінде ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті (ТМРКД) «Астанаэнергосбыт» ЖШС-на қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді, оның қорытындысы бойынша есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау жөніндегі коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын сақтамау бөлігінде, Қазақстан Республикасының Табиғи монополиялар туралы заңнамасының талаптарын бұзу анықталды, бұл жылудың негізсіз есептелуіне әкелді.

«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын бұзғаны үшін, «Астанаэнергосбыт» ЖШС әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған табыстың (кірістің) он пайызы мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылып, әкімшілік жауаптылыққа тартылды, сондай-ақ өтініштерді қарау шеңберінде, тексеру нәтижесінде, негізсіз алынған табысты қайтару жағына 209 365 (екі жүз тоғыз мың үш жүз алпыс бес) мөлшерінде қайта есептеу туралы нұсқама енгізілді.

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp