Астанада «Алғыс айту – парыз» акциясы өтті

Елімізде 1 наурыз күні – Алғыс айту күні болып бекітілген. 2016 жылы 14 қаңтарда күнтізбемізге енген бұл мерекенің маңызы мен мәні айрықша.

Атап өтсек, дәл осы күні, 1995 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған болатын. Сондықтан осындай айтулы күн ел тарихында жалпыхалықтық, ұлтаралық татулық мерекесі ретінде ерекше мәртебеге ие.

Астанада жыл сайын «Алғыс айту күнін» ерекше атап өту дәстүрге айналды. Осыған орай биыл Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен «Алғыс айту – парыз» атты акциясы өтіп, елордалықтарға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Шараның басты мақсаты – өскелең ұрпақты, қала тұрғындарын достық, бір-біріне деген құрмет пен толеранттылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу, Қазақстанда этникаралық келісім мен ұлтаралық қарым-қатынасты нығайту.

Мерекелік акция 29 ақпан күні елорданың ірі сауда орталықтарында, қала көшелерінде, қоғамдық орындарда, саябақтарда және бизнес орталықтарында өтті. Арнайы жасақталған түсірілім топтары қала тұрғындары мен қонақтарынан аталмыш мерекенің маңызы мен мәніне қатысты пікірін біліп, сауалнама жүргізген болатын.  Сонымен қатар, «алғыс» туралы мақал-мәтелдер мен қазақ ақындарының бір өлеңін жатқа айтудан жарыса қатысқан азаматтарға ұйымдастырушылар тарапынан арнайы сыйлықтар да қарастырылды.

Акцияға қатысушылар бейнеролик арқылы өз жақындарына, достары мен туғандарына алғыстарын жаудырып, жылы лебіздерін білдірді.

Жалпы Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Алғыс айту – парыз» акциясына 150-ден астам адам қатысты. Атап өтерлігі, қатысушылар арасында өзге ұлт өкілдері басым.

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp