Приднестровье Ресейден көмек сұрауда

Мойындалмаған Приднестровье Ресейден аймақты «қорғауын» сұрап, өтініш жасады. Тираспольдегі депутаттар съезіне қатысушылар «Молдова қысымының күшеюін» алға тартып, осындай мәлімдеме жасады.

Өз кезегінде Ресей СІМ жауап ретінде Приднестровье тұрғындарының мүддесін қорғау Мәскеудің басым бағыттарының бірі екенін атап өтіп, Тираспольдің барлық өтініштері мұқият қаралатынын хабарлады.

Еуроодаққа кіруге үміткер Молдова билігі жыл басында Приднестровьеден жіберілетін импорт пен экспортқа жаңа кедендік баж салығын енгізген еді. Алайда бұл шаралар жергілікті шенеуніктерді ызаландырды. Олардың айтуынша, жаңа кедендік баж салығы жергілікті тұрғындар мен бизнеске зиянын тигізеді.

Молдова билігі Тираспольдегі конвенцияны «Кремль жоспарлаған үгіт-насихат» деп атады. Ал Киевте Ресейдің Молдавияға жоспарлары жайында айтуда.

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp