Астанада The nomads’ fire жобасының премьерасы өтеді

Бүгін Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда Тhe nomads’ fire жобасының премьерасы болады. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Концертке қатысушылар этно-фанк пен этно-роктың заманауи дыбыстарын қоса отырып, көшпенділердің музыкалық мұрасының аспаптық және ән туындыларын орындайды.

Бағдарламаға ALEM заманауи хореография балеті, «Сарыарқа» халықтық музыка ансамблі, филармонияның камералық хоры, эстрадалық, классикалық, халықтық вокал бөлімдерінің солистері, сондай-ақ эстрадалық-симфониялық оркестр қатысады. Сондай-ақ, қазіргі қазақ композиторлары Тоғжан Жахин, Қарағөз Гасимова, Еділ Құсайыновтың авторлық туындылары және де қазақ музыкасының інжу-маржандары – «Айқарақөз», «Екеуің-ай», «Қарай көзім» халық әндері шырқалады.

Концерт кезінде музыкалық-хореографиялық көріністің иллюстрациясы болатын суретші перформансы Live-режимде сахнадан көрсетіледі.

The nomads’ fire жобасының қоюшы режиссері – ALEM заманауи хореография балетінің көркемдік жетекшісі және елордалық филармонияның бас режиссері Бақыт Тәжинов.

«The Nomad’s Fire – өткен мен болашақ арасындағы көпір, музыканың шекаралар мен уақытты қалай біріктіре алатындығының айқын көрінісі», – дейді жоба авторлары.

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp