Аға прокурор 3 млн теңге алмақ болған

Соңғы күндері телеграм-арнасында Алматы облысы бойынша ҰҚКД басқармасы үш миллион теңге көлемінде пара алу кезінде Балқаш ауданының аға прокурорын тұтқындағаны туралы ақпарат жарияланды.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінде ұстау фактісі расталды.

«Ағымдағы жылдың 12 ақпанында Қонаев қаласында Қ.Сонабаевты Алматы облысы бойынша ҰҚК департаменттерінің бірлескен іс – шаралары және Бас прокуратураның өз қауіпсіздігі аясында ұстау фактісін растаймыз», – деп хабарлады ҰҚК.

Ұсталған адамға қатысты ҚР ҚК 24-бабының 3-бөлігі және 190-бабының 3-бөлігі («Алаяқтық») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіледі. Тергеу мәліметтері жария етілуге жатпайды.

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp