Алексей Навальный қайтыс болды

Ресейдің Ямало-Ненецк автономиялық округі бойынша Федералдық қылмыстық атқару қызметінің басқармасы өз сайтында Алексей Навальныйдың қайтыс болғаны жайында хабарлады.

«16.02.2024 жылы №3 түзеу колониясында сотталушы Навальный А.А. серуендеуден кейін өзін нашар сезініп, бірден есінен танып қалған», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ мәлімдемеде мекеменің медицина қызметкерлері дереу келіп, жедел жәрдем шақырылғаны атап өтілген.

Барлық қажетті реанимациялық шаралар жүргізіліп, бірақ оң нәтиже бермеген. Жедел жәрдем дәрігерлері сотталушының қайтыс болғанын растады. Өлімнің себептері анықталып жатыр.

«Барлық қажетті реанимациялық іс-шаралар өткізілді, алайда оң нәтиже бермеді. Жедел медициналық көмек дәрігерлері сотталушының қайтыс болғанын хабарлады. Өлімнің себептері анықталуда», – делінген хабарламада.

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp