Сенат депутаттары «Ресей мемлекеттік думасы және Қазақстан» кітабының тұсаукесеріне қатысты

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Ұлттық академиялық кітапханада өткен «Ресей мемлекеттік думасы және Қазақстан»  кітабының тұсаукесеріне қатысты. Бұл туралы Сенаттың Баспасөз қызметі хабарлайды. 

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп қазақ халқының тарихын зерделеудің маңызы мен зерттелмеген «олқылықтардың» орнын толтыру қажеттігін атап өтті.

«Қазақ елінің тарихында әлі де зерттелмей қалған мәселелер көп. Солардың ең өзекті таласқа толы тұсы Қазақ елінің Ресей империясы құрамында болған уақыты деп айтар едім. 1905-1917 жылдар тарихта еліміз үшін де Ресей үшін де үшін де шытырманға толы қым-қиғаш кезең. Еңбектен осы кезеңдегі Ресейдегі саяси институттардың қалыптасуы, олардығы қазақ элитасының орны жөнінде құнды мағлұматтар мен тың көзқарастарды алуға болады», – деді Нұртөре Жүсіп.

“Қазақ газеттері” ЖШС-ның бас директоры Дихан Қамзабекұлы жас ұрпақ үшін Ресей империясының құрамына кіру кезіндегі Қазақстан тарихын зерделеудің маңызды екенін атап өтті. Бұл Қазақстандағы қазіргі саяси және әлеуметтік процестерді тереңірек түсінуге мүмкіндік беретін тың ойлар мен талдау дағдысын қалыптастыруға ықпал етеді.

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp