Бүгін – халықаралық музейлер күні

Жыл сайын 18 мамырда бүкіл әлемде Халықаралық музейлер күні аталып өтіледі.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетіне қарасты «Ғылым Ордасы» ғылыми музей орталығы бар. «Ғылым Ордасының» құрамына кіретін табиғат, археология, сирек кітаптар мен Қазақстан ғылымының тарихы музейлері еліміздің музейтану жүйесінде ерекше орын алады, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
Қазіргі таңда музей қызметкерлері оқу және ғылыми қызметпен айналысады, білім және ғылым саласында инновациялық ғылыми зерттеулер мен ғылыми-техникалық жобаларды әзірлеп, жүзеге асырады.
Мәселен, «Ғылым ордасы» РМК Қазақстан ғылымы тарихы музейінің қорында қазақстандық ғалымдардың, ағартушылар мен батырлардың фотоқұжаттары мен жеке заттарынан тұратын 11 мыңға жуық экспонат бар.
«Ғылым ордасы» РМК Археология музейі 1973 жылы республиканың археологиялық материалдарын сақтау және тұрақты ғылыми зерттеу нысаны ретінде ашылды.
Республикамыздың аумағын мекендеген халық мәдени дамудың жоғары деңгейін және ата-бабаларымыздың әлемдік өркениет қазынасына қосқан үлесін айғақтайтын көптеген ескерткіш қалдырды.
2022 жылдың қорытындысы бойынша Ғылым ордасы музейлеріне 110 мыңнан астам адам келіп, төрт мыңға жуық экскурсия жүргізілді. Бүгінде музейлердің негізгі қор экспонаттарының саны 19 мыңға жуық экспонатты және ғылыми көмекші қордың алты мыңнан астам экспонатын құрайды.

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp