2022 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы

Бүгін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Парламент Мәжілісінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің «2022 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы» есебін ұсынды. Бұл туралы Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Е. Жамаубаев өз сөзінде республикалық бюджет кірістері 101,9%-ке атқарылып, 16 трлн. теңгені құрағандығын атап өтті. Жоспар 310 млрд. теңгеге асыра орындалды, оның ішінде салық түсімдері бойынша – 210 млрд. теңгені құрады. Салықтар бойынша асыра орындаудың негізгі сомасы қосымша құн салығына тиесілі.

Бюджеттің кіріс бөлігі негізінен макроэкономикалық көрсеткіштерге байланысты, сондай-ақ салықтық және кедендік әкімшілендіру мен оларды цифрландыру жөніндегі шаралар есебінен ұлғайды.

Бюджет шығыстары 98,6%-ке атқарылып, 18,5 трлн. теңгені құрады.

2022 жылы 3 мемлекеттік бағдарлама және 10 ұлттық жоба жүзеге асырылды, олар мемлекеттік жоспарлаудың жүйесін іске асыру аясында бекітілді.

Осылайша, «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасын іске асыруға 227 млрд. теңге бөлінді, 201 млрд. теңге игерілді.

Есепті жылы 15,4 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 130,7 мың отбасының тұрғын үй жағдайы жақсарғандығын атап өтті.

 «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 9 мың уақытша жұмыс орны құрылды.

Сондай-ақ, 2022 жылы камералдық бақылаумен шамамен 11,8 трлн. теңгені құрайтын мемлекеттік сатып алудың 545  мың рәсімі және 2,3 мың аудиторлық іс-шаралар өткізілгенін атап өтті. Тексеру қорытындысы бойынша 337 млрд. теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды, оның ішінде мемлекеттік аудит объектілерімен тауарларды жеткізуді қалпына келтіру, қызметтер көрсету және жұмыстарды орындау, өтеу және есепке алу бойынша көрсету жолымен жалпы сомасы 319 млрд. теңге болатын қаржылық бұзушылықтар жойылды.

Сөз соңында Ерұлан Жамаубаев 2021 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті қарау кезінде 33 ұсыныс берілгенін, оның ішінде 22 іс-шараның орындалғанын айтты.

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp