Вице-премьер Алтай Көлгінов Павлодар облысының ҚХА өкілдерімен кездесті

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгіновтің Павлодар облысындағы этномәдени бірлестіктерінің өкілдерімен кездесуінде Мемлекет басшысының ҚХА-ның ХХХІІ сессиясында берген тапсырмалары талқыланды, деп хабарлайды Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Ең алдымен, вице-премьер Аурика Дякты ҚХА төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалуымен құттықтады.

«Қазақстан халқы Ассамблеясы – еліміздегі бірлік пен келісімді сақтау мақсатында құрылған бірегей институт. Оның қоғам дамуына қосқан үлесі зор. Сондықтан да ел Президенті осы жылдың сәуір айында өткен ҚХА-ның кезекті сессиясында этномәдени бірлестіктердің алдына салмақты міндеттер жүктеді», — деп атап өтті Алтай Көлгінов.

Оның қатарында этноәлеуметтік шиеленіс тудыратын себептерді жою және этносаралық және тілдік негіздегі арандатушылықтың жолын кесу, мектепке дейінгі тәрбие, орта және жоғары білім беру жүйесінде «біз әртүрліміз, бірақ теңбіз», «бірлігіміз – әралуандықта» қағидаларын жүзеге асыру, еліміздің барлық азаматтарының мемлекеттік тілді меңгеруі көзделген.

Сонымен қатар Ассамблеяның мемлекеттік органдармен және саяси партиялармен өзара іс-қимылын жандандыру, еліміздің геральдикалық рәміздерін жетілдіруге атсалысу, осы ізденістерді тәжірибеде пайдалана отырып, этносаралық қатынастар саласында ғылыми-талдау жұмыстарын жүргізу күтілуде.

ҚХА Қазақстанның этномәдени әралуандылығына баса назар аудара отырып, көркем фильмдер, телехикаялар, театрландырылған қойылымдар шығаруда, сондай-ақ әртүрлі этникалық топтардың тілінде шығатын бұқаралық ақпарат құралдарын қолдауда айтарлықтай көмек көрсете алады.

Президент этномәдени бірлестіктердің өкілдерін ынталандыру мақсатында ҚХА-ның «Қоғам бірлігін нығайту жолындағы табысты еңбегі үшін» орденін, сондай-ақ «Әдебиет пен журналистика салаларындағы үздік жұмысы үшін», «Мәдениет пен өнер саласындағы үздік туындылары үшін» ҚР Мемлекеттік сыйлығының ақшалай сыйақыға теңестірілген сыйлығын бекітті.

Айта кету керек, Павлодар облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздегі ең белсенділердің бірі. Аурика Дяктың айтуынша, облыстық ҚХА құрамында Ақсақалдар кеңесі, Аналар кеңесі және басқа да бірлестіктер жұмыс істейді. Рамиль Смайылов басқаратын Жастар қанаты жас буынмен жұмыс жүргізіп келеді. Өскелең ұрпақпен жұмыс істеу ерекшеліктерін ескере отырып, олар әлеуметтік желілерді және жастарға түсінікті басқа да әдістер мен алаңдарды пайдаланады.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ассамблея өкілдерімен сұхбаты барысында Павлодар облысы ҚХА жастар қанатын Жастар саясаты тұжырымдамасын және басқа да мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға белсенді қатысуға шақырды.

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp