Индустрия 4.0 технологиясының өндірістік көрсеткішті жақсартуда игілігі мол

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Динара Щеглова Ondeu Expo өңдеу өнеркәсібінің халықаралық көрмесі аясында ұйымдастырылған «Өнеркәсіпті цифрлы трансформациялау» панельдік сессиясына қатысып, Индустрия 4.0 технологиясын енгізудің маңыздылығына тоқталды.

Вице-министр айтқандай, қазір елімізде цифрлы технологияларға басымдық берген ірі және орта өнеркәсіп кәсіпорындарының үлесі 12,9%-ға жетіп отыр. Бұл ретте жылдық өсім орта есеппен 3,5% межесінде байқалып отырғанын айта кетейік.

«Индустрия 4.0 – өнеркәсіп кәсіпорындарын ақпараттық технологиялардың негізінде дамытуға бағытталған тың қадам. Бұл өндірістік процестердің тиімділігін айтарлықтай арттыруға жол ашады», деді Динара Ринатқызы.

ҚР ИИДМ басшысының орынбасары осы ауқымды жиынның саладағы өзекті мәселелерді шешуде маңыздылығы жоғары екенін жеткізді. Мәселен, қазір отандық өнеркәсіптің Ұлттық ақпараттық жүйесін құру жөніндегі  жұмыс қолға алынғанын айта кеткен орынды. Оның нәтижесінде барлық мүдделі тарап, атап айтқанда мемлекет, IT-компаниялар, даму институттары мен өнеркәсіп кәсіпорындары ортақ цифрлы экожүйеде бірігіп, үйлесімді жұмыс атқаратын болады.

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp