ІІМ мұражайында милиция генерал-майоры, Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы ішкі істер министрінің орынбасары Ахмет Тұмарбековті еске алуға арналған экспозиция ашылды, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
Ұлы Отан соғысына қатысушы Ахмет Тұмарбековтің есімі ІІМ басшыларының қатарында ерекше орын алады. Ол өз өмірін құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге және жас мамандарды тәрбиелеуге арнады.
Еске алу бұрышының ашылуына офицердің туыстарынан басқа Халық қаһарманы, бұрынғы ішкі істер министрі, генерал-полковник Қайырбек Сүлейменов қатысты. Іс-шара соңында әйгілі генералдың 100 жылдығына арналған деректі фильмнің тұсаукесері өтті.