Беларусь жазаны одан әрі өтеу үшін Қазақстан Республикасының азаматтарын берді

Беларусь Республикасының Бас прокуратурасы Беларусь соты бас бостандығынан айыруға сотталған Қазақстан Республикасының азаматтары «К» және «М» беру туралы сұранысын қанағаттандырды, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Азамат «К»  Беларусияда аса ірі мөлшерде пара бергені үшін, азамат «М» жеке құжаттарды ұрлағаны, тонағаны, және ұрлық жасағаны үшін тиісінше 5 жыл және 7 жыл 6 айға сотталған.

Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің көмегімен аталған азаматтарды жазасын одан әрі қарай өтеу үшін Қазақстанға жеткізді.

Қазіргі уақытта олар Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp