Қостанай облысында инвестициялық ахуалды жақсарту мәселелері талқыланды

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Динара Щеглова жұмыс сапарымен Қостанай облысына барып қайтты, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Оның барысында еліміздің теріскейіндегі инвестициялық ахуалды жақсартып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыру мәселелері талқыланды. Бұған қоса ҚР Парламент Сенаты мен орталық мемлекеттік органдардың өкілдері жұмыс істеп тұрған «Қостанай» индустриялық аймағына аялдап, қызметімен танысты.

Мәселен, осы индустриялық аймақта жалпы құны 4,3 млрд теңгеге 150 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берген 2 жоба іске асырылды. Сондай-ақ жалпы құны 418 млрд теңгеден астам қаражатқа 4 мыңдай адамды жұмыспен қамтуды көздейтін 11 жоба іске асырылып жатыр.

Вице-министр сондай-ақ «МТЗ Қазақстан – машина жасау зауыты» ЖШС, «СарыарқаАвтоПром» ЖШС және «АгромашхолдингKZ» АҚ-ның локализациялау орталығы мен «Баян Сұлу» АҚ-ның тамақ өнеркәсібіне байланысты ірі жобаларын бағамдап үлгерді.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Парламент Сенатының Қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің отырысы өткізіліп, онда тұтынушыларға өнімді жеткізу бойыншаатап айтқанда теміржол көлігімен экспорттауға қатысты бірқатар өзекті мәселе қаралды. Өз кезегінде Д.Щеглова бұл бағыттағы жұмыстар жүргізіліп жатқанын, сондай-ақ тауар тасымалының көлемі ұлғайғанын атап өтті.

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp