Стандарт 2023 жылғы 1 мамырдан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды Сауда министрлігінің баспасөз қызметі.
Стандартты Қазақстан стандарттау және метрология институты № 12 фермерлік үлгідегі жылыжайларға стандартталған талаптарды белгілеу мақсатында «Жылыжай кешенін салу және кеңейту» жобасының төлқұжаты бойынша «Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 23 шілдедегі № 317 бұйрығын іске асыру үшін әзірледі.
Жылыжайларға субсидия алу үшін жылыжай фермерлік жылыжайларға қойылатын жалпы талаптарды, жылыжай жабынының конструктивті орындалуы мен материалын, сондай-ақ жылыжай кешендерін жарақтандыруды белгілейтін стандартқа сәйкес келуі тиіс.
Жылыжай өндірісінің проблемаларын толық және жан-жақты есепке алу, сондай-ақ саланың қажеттіліктерін қанағаттандыратын жылыжайға арналған стандартты тезірек әзірлеу мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігінің, жылыжай қауымдастықтарының өкілдерінен, жылыжай кешендері мен фермерлік шаруашылықтардың басшыларынан жұмыс тобы құрылды.
Ауыл шаруашылығы министрлігі Өсімдік шаруашылығын дамыту басқармасының басшысы Қарлығаш Нұриханованың айтуынша стандарттың тезірек енгізілуі жылыжай шаруашылықтарын қаржыландыру бағдарламасының шарттарына тиісті өзгерістерді одан әрі енгізу үшін қажет.
Өз кезегінде Қазақстан жылыжайлары қауымдастығының төрағасы Қанат Қошманов жылыжаймен айналысушылар жылыжай шаруашылықтарын қолдауға және Қазақстанның жылыжай саласын одан әрі дамытуға бағытталған ұлттық стандартты қабылдауға дайын екенін айтты.