Астанада ат спортынан Халықтар бірлігі кубогы өтеді

Астанада Қазақстан халқының Бірлігі күніне орай конкур пәнінен ат спорты бойынша Халықтар бірлігі Кубогының Гран-приі өтеді. Елорда тұрғындары мен қонақтары қатысушылардың қойылымдарын тамашалауға шақырылады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Еліміздің Алматы, Астана, Қарағанды қаларымен қатар Алматы облысынан шалт қимылдайтын шабандоздарымыз 1-2 мамыр күндері «Арғымақ» ат-сауықтыру спорт кешенінде кіл мықтыларды анықтайды.
Көсіле шабатын сәйгүліктеріміз биіктігі мен күрделілігіне орай сайыстың 6 бағдары бойынша сынға түседі.

Жарыс кестесі:
01.05.2023 ж.
Бірінші санат – «4 жастағы жас жылқылар жарысы, 90 см-ге дейін»
Екінші санат – «5 жастағы жас жылқылар жарысы, 110 см-ге дейін»
Төртінші санат – «Әуесқойлар санаты, 100см»
02.05.2023 ж.
Үшінші санат – «6 жастағы жас жылқылар жарысы, 120 см-ге дейін»
Бесінші санат – «12 -15 жастағы балалар санаты, 110см»
Алтыншы санат – «Халықтар бірлігі кубогына арналған гран при, 130см»
Жарыстың жалпы жүлде қоры 12 000 000 теңге.

Іс-шара Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен және Астана қаласының Ұлттық және олимпиадалық ат спорты түрлерінің Федерациясының ұйымдастыруымен өтеді.

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp