Үкімет пен Ұлттық банктің бірлескен іс-шаралары Қазақстанда инфляция қарқынын баяулатуға мүмкіндік берді

Қазақстанда Үкімет пен Ұлттық банктің бірлескен іс-шараларын жүзеге асыру нәтижесінде инфляция өсімі баяулады. Нақты деректерді Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен кеңесте Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов мәлім етті, деп хабарлайды Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Премьер-Министр бағаны тұрақтандыру Үкіметтің және жергілікті атқарушы органдардың аса маңызды міндеттерінің бірі екенін баса айтты. Осыған байланысты Үкімет пен Ұлттық банк бірлесіп инфляцияны бақылау және төмендету бойынша шаралар кешенін іске асыруда.

«Нәтижесінде биылғы наурыз айында жылдық инфляция 18,1%-ға дейін баяулады. Соңғы 4 аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бойынша инфляция тіркелген жоқ. Біздің алдымызда биыл инфляцияны 2 есеге дейін төмендету міндеті тұр», — деді Әлихан Смайылов.

 Оның айтуынша, республикада Халықтың табысын арттыру бағдарламасы іске асырылуда. Осы іс-шаралар аясында биыл 3 млн-нан астам адамның жалақысы өсті.

«Мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелері уақтылы және толық көлемде орындалып келеді. Атап айтқанда, биылдан бастап 4,4 млн адамды жоғарылатылған әлеуметтік төлемдермен қамтуға 4,6 трлн теңге бөлінді», — деп атап өтті Премьер-Министр.

Үкімет басшысы ұлттық жобаларды іске асыру, жаңа өндірістер ашу, шағын және орта бизнесті дамыту, жаңа жұмыс орындарын құру есебінен 1 млн-ға жуық адам жұмыспен қамтылатынын айтты.

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp