Сенатта Қазақстан-Түрікмен мемлекеттік шекарасының тәртібі туралы келісім талқыланды

Сенат депутаттары Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы Қазақстан-Түрікменстан мемлекеттік шекарасының режимі туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды талқылады, деп хабарлайды Сенаттың Баспасөз қызметі.

Келісімнің мақсаты Қазақстан мен Түркіменстан арасындағы мемлекеттік шекара қатынастарын реттеу және құқықтық негізін белгілеу болып табылады. Келісімде Қазақстан-Түркімен мемлекеттік шекарасының тәртібі белгіленді және Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін одан әрі нығайту көзделіп отыр.

Белгілі бір ережелер мен тәртіп, атап айтқанда мемлекеттік шекараны күтіп ұстау, адамдарды, көлік құралдарын, жүктерді және өзге де мүлікті шекара арқылы өткізу, ұшуларды жүзеге асыру, мемлекеттік шекарада, шекара бекеттерінде шаруашылық және өзге де қызметті жүргізу, сондай-ақ шекаралық оқиғаларды шешу мемлекеттік шекара тәртібінде қамтылып отыр.

Комитет мүшелері талқылау нәтижесі бойынша заңды Палата отырысында қарауға жіберу туралы шешім қабылдады.

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp