Ерұлан Жамаубаев несиелік алаяқтықпен күрес жөнінде кеңес өткізді

Бүгін, 11 сәуірде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың төрағалығымен Ұлттық Банк, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі және басқа да мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен кеңес өтіп, онда Несиелік алаяқтықпен күрес жөніндегі жол картасының жобасы қаралды, деп хабарлайды Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Жол картасындағы іс-шаралар несиелік және онлайн-банкинг қызметтері нарығындағы алаяқтықтың алдын алу бойынша құқықтық жағдайлар жасауға бағытталған.

Жол картасындағы іс-шаралардың басым бөлігі заңнамалық тұрғыда реттеуді қажет етеді. Жауапты мемлекеттік органдар заңнамалық актілерге және салалық нормативтік-құқықтық актілерге қажетті түзетулер әзірлейді.

Жиын қорытындысы бойынша Е. Жамаубаев Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне Ұлттық Банкпен бірлесіп, Жол картасының жобасын әрі қарай пысықтауды тапсырды.

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp