Әлихан Смайылов «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ жаңа басшысын таныстырды

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ ұжымына жаңа басқарма төрағасын – Нұрлан Жақыповты таныстырды, деп хабарлайды Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Үкімет басшысы қордың алдында инвестициялар тарту, энергетикалық кешенді дамыту, республиканың инфрақұрылымдық, көлік-логистикалық және индустриялық дамуын қамтамасыз ету бойынша ауқымды міндеттер тұрғанын атап өтті.

Сонымен қатар қор отандық тауар өндірушілерге белсенді түрде қолдау көрсетіп, қолайлы жағдай жасауға тиіс, бұл ұлттық экономиканың орнықты даму жолында нығаюына мүмкіндік береді.

«Әрбір еншілес компания мен холдинг жұмысының басым бағыттары және KPI айқындалған, перспективалы міндеттер түсінікті. Қор – біздің елімізде үлкен активтерді басқаратын өте маңызды құрылым. Қордың тиімді жұмысына көп мәселе, әсіресе бүкіл экономикаға және еліміздің одан әрі дамуына әсер ететін ірі жобалар байланысты болып отыр», — деді Әлихан Смайылов. Сондай-ақ Үкімет басшысы Нұрлан Жақыпов пен қордың барлық қызметкерінің жұмыстарына табыс тіледі.

Сонымен қатар Премьер-Министр соңғы екі жылда қорды басқарған Алмасадам Сәтқалиевке Қазақстан экономикасының дамуына қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp