Ағымдағы жылдың 26 наурыз күні сағат 16:55-те Бірлік ауылынан 20 шақырым қашықтықта орналасқан Қиғаш өзенінің жағалауында қамыс жанып жатқаны туралы шақырту түсті. Өрт сөндіру бөлімшесі шақырту орнына жеткен кезде “Құрманғазы ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау мекемесі” КММ аумағында қамыстардың жануын анықтады, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.
Қамыс өрт жалпы ауданы 30 га құрады. Оның ішінде ТЖД қызметкерлерімен және “Құрманғазы ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау мекемесі” КММ күштерімен 21га көлемінде қамыс өрті жойылды және 9га өрт өздігінен өшкен. Өрт 21:30 сағатта толықтай жойылды. Зардап шеккендер жоқ.
Аймақтың қол жетімділігі қиын болғандықтан, өрт хлопушкалармен сөндірілді, өйткені бұл өртенген қамысты осындай жағдайда сөндірудің жалғыз мүмкін әдісі болып табылады.
Өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД, “Құрманғазы ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау мекемесі” КММ 31 қызметкері, 1 бірлік техникасы, 5 дана мотопомпасы, 4 бірлік қайығы жұмылдырылды.
Құрметті облыс тұрғындарды өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтаулрыңыз сұралады.