Мерзімді басылымдар – аталы сөздің мәйегі. Газет-журналдар ақпарат кеңістігінде маңызды тарихи рөлін жоғалтқан жоқ.
Әлихан Бөкейханұлы, Міржақып Дулатұлы, Ахмет Байтұрсынұлы сынды ұлт зиялыларының 1913 жылғы 2 ақпанда «Қазақ» газетін шығаруы отандық кәсіби журналистиканың ізашары болды.
Бұқаралық ақпарат құралдарының бастауында тұрған «Қазақ» газетінің алғашқы саны шыққан күнін тарихи маңызды датаға айналдырудың маңызы зор.
Осыған орай АҚДМ министрлігінің бастамасымен 2 ақпанды «Ұлттық басылым күні» ретінде белгілеу бойынша тиісті жұмыстар атқарылып жатыр.
Аталған күнді ресми белгілеу үшін АҚДМ «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Үкімет қаулысының жобасын әзірледі.
Қоғамдық талқылау үшін қаулы жобасы нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына орналастырылды.
Қатысып, пікір білдіріңіздер!
https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14451970
Дереккөз: ҚР АҚДМ баспасөз қызметі