Жаңалықтар

Петропавлдағы мектепке Әлихан Бөкейхан есімі берілді

Петропавл қаласындағы 2019 жылы ашылған №25 қазақ орта мектебіне Алты алаштың көшбасшысы Әлихан Бөкейханның есімі берілді. Бұл туралы  әлихантанушы-ғалым, халықаралық журналист Сұлтанхан Аққұлұлы өзінің Facebook парақшасында хабарлады.

 – Мектеп директоры Сәуле ханым Тұрсын осы қазір ғана сүйінші сұрап хабарласты. Қалалық ономастикалық комиссия бүгін ғана осындай қаулы қабылдапты. Оған қоса тағы үш мектепке Ахмет Байтұрсынұлы, Қажымұқан Мұңайтпасұлы және Смағұл Сәдуақасұлының есімдері берілетін болды. Құтты болсын! Ұлы көшіміз кештеу де тым баяу болса-дағы осылай түзеле бастаған сыңайлы…,- деп жазды әлихантанушы-ғалым.

Айта кетейік, таяуда ғана Семей қаласындағы №39  мектепке де Әлихан Бөкейхан есімі берілді. Осындай іргелі бастамалардың жалғасы баянды болғай. Ә.Бөкейханның есімін ұлықтау тәуелсіз санада өсіп келе жатқан жас ұрпақ үшін өте қажет. Өйткені ол ұлт қайраткері, ұлы тұлға. Оның еңбектері мен күрескерлігін қазақ баласы ешқашан естен шығармауы тиіс.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button