Жаңалықтар

Сеулде Абай Құнанбайұлының ескерткіші ашылады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сеулде Абай ескерткішін ашады. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.

Ескерткіштің ашылу рәсімі 16-17 тамызда Қ.Тоқаевтың Оңтүстік Кореяға мемлекеттік сапары аясында болады.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сеул қаласында Абай ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысады деп жоспарланған», деп жазды Б.Уәли.

Сапар аясында екі ел президенттері келіссөздері жасайды деп жоспарланған.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті Сеулге сапары аясында Кореяның ірі компанияларының басшыларымен, белгілі саяси қайраткерлермен кездесулер өткізеді. Қазақстандағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша бірқатар коммерциялық келісім-шарт жасалады.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button