Ашаршылық жылдарын суреттейтін тарихи фильм түсіріліп жатыр

Маңғыстау облысының Ұштаған ауылында жазушы Смағұл Елубайдың «Ақ боз үй» романы бойынша фильм түсіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түсірілім жұмыстары 25 мамырда басталған, 20 маусымға дейін жалғасады. Кинокартина үшін Алматыдан арнайы әртістер шақырылды. Басты рөлдердің бірін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қайрат Кемал сомдайды. Фильмнің режиссері — «Ақ боз үй» романы авторының ұлы Бекарыс Елубай. «Ақ боз үй» – өткен ғасырдың 30 жылдарындағы қазақ даласындағы ұжымдастырудың артынан ілесе келген ашаршылық жылдарын суреттейтін әдеби шығарма. Кино тіліне түсірілген туынды ел басына түскен нәубетті бір әулеттің тарихы арқылы баяндайды. Түсірілім жұмыстарын Ұштаған ауылынан бастап кеттік. Ауыл тұрғындары үлкен ықыласпен түсірілім тобына қатысып, өз көмектерін көрсетіп жатыр»,-деді режиссер Бекарыс Елубай. 

Өткен ғасырдағы қазақ тарихының қаралы беттері жайлы фильм 2022 жылдың наурыз айында көрерменге жол тартпақ.

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp