Жаңалықтар

Смағұл Сәдуақасовқа арналған жиын өтеді

ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты 11 маусым күні «Смағұл Сәдуақасовтың мемлекеттік, қоғамдық және ғылыми-педагогикалық қызметі (жаңа архив және жазба деректер негізінде)» жобасы аясында «Смағұл Сәдуақасов белгілі қоғам қайраткері және ағартушы» атты республикалық дөңгелек үстел отырысын ұйымдастырады. 

Бұл жиынның негізгі мақсаты – Смағұл Сәдуақасовтың мемлекеттік, қоғамдық және ғылыми-педагогикалық қызметіндегі ұлттық құндылықтардың әлеуметтік маңызы мен басымдығын сараптау, оның саяси көзқарасын тану, тарихнама мен зерттеу әдістемесі мәселелеріне назар аудару. 

Дөңгелек үстелге белгілі тарихшылар, саясаттанушылар, әлеуметтанушылар, архивтанушылар, әдебиеттанушылар және Қазақстанның 1920-1930 жылдардағы тарихына қызығушылық танытатын  азаматтар қатысады.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button