Аида Балаева: Репрессия құрбандары ақталуы тиіс

«Өкінішке орай, бұл – біздің ұлттық тарихымыздың қара жамылған, қайғымен жазылған нәубет кезеңін еске салады…

Тарихшылардың айтуынша, 100 мыңнан астам адам қуғын-сүргін көріп, 25 мыңы атылған. Неше миллионы аштықтан қырылды, қаншасы шет елдерге бас сауғалады, отбасылары мен жақындары қудалауға ұшырады. Дегенмен, «орнында бар оңалар» деген. Тәуелсіздік алғаннан кейін еліміз тарихымызға байыпты бағасын беріп, әділетті қалпына келтірудің лайықты шарасын жасап келеді. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында биыл Мемлекет Басшысының тапсырмасымен «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі Мемлекеттік комиссия» құрылды. Ендігі жерде, тарихи құжаттар жан-жақты сараланып, репрессия құрбандары ақталуы тиіс. Әсіресе ашаршылыққа қатысты шынайы ақиқат айқындалып, бұл нәубетті оқиғаның нақты тарихи бағасы берілу керек. Тарихи сана неғұрлым терең болған сайын адам да, қоғам да рухани бай болады. Сондықтан, тарихи сананы қалыптастыру тек шынайы тарихқа негізделуі тиіс. Озбырлық үстемдік құрған, ұлт тарихы қыл үстінде тұрған кезеңдер тарихының қайта зерттелуі – әлемдік тәжірибеде бар заңдылық, тарихи әділдік.

Жазықсыз жапа шеккендердің рухына тағзым ету – біздің бүгінгі борышымыз, оны ұрпақ бойына сіңіру – парызымыз! Құрбандардың рухы тынышталып, жандары жай тапсын», деп жазды Аида Балаева.

 

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp