Жаңалықтар

Биыл елордада Алаш арыстарына ескерткіш орнатылмақ

Биыл елордада Алаш арыстарына ескерткіш орнату жоспарланған. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің мәліметіне сәйкес, Тұран даңғылы мен Сығанақ көшелерінің қиылысындағы аллеяға «Алаш» атауын беру мәселесі алдағы уақытта қалалық ономастика комиссиясының кезекті отырысында талқыланады. Сонымен бірге астана әкімшілігі осы жылы Алаш арыстарына ескерткіш орнатуды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта ескеркішті орналастыру нұсқалары қарастырылуда. Жалпы Алаш қайраткерлерінің есімін ұлықтау жұмыстары жалғасуда және Үкіметтің тұрақты бақылауында», – деді вице-премьер сауалға берген жауабында.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button