Тағы бір көшеге Әлихан Бөкейханның есімі беріледі

Қазір Жаңаөзен қаласының іргесіндегі Теңге ауылының орталығындағы даңғыл жолдың бір жағы революционер Ә.Жангелдиннің, бір жағы НКВД офицері А.Фетисовтың атымен аталады. Жаңаөзен қалалық мәслихатының депутаты Шәріп Ақжігітов осы екі көшені біріктіріп, оған Әлихан Бөкейханның есімін беруді ұсынған болатын. 2021 жылдың 6-мамыры күні комиссия отырысында көшеге Әлихан Бөкейхан аты берілсін деген шешім қабылданды. 

«Ақпан айының басында Теңге ауылының әкімі Сәрсенбек Қалаубаев мырзаның атына аталған көше атауын өзгерту бойынша ресми хат жолдаған болатынмын. Ұсыныс әкім тарапынан да, Теңге ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Қосаман Жайлы бастаған ақсақалдар тарапынан да қолдау тапқан еді. Одан кейін көшені Әлихан Бөкейханның есімімен атау мәселесін тұрғындардың талқысына салу ұсынылды. Бұл ұсынысты ауыл тұрғындары да, Жаңаөзен қалалық мәслихатының депуттаттары да қолдап, Маңғыстау облыстық ономастикалық комиссиясына жолданды. Міне, 2021 жылдың 6-мамыры күні комиссия отырысында көшеге Әлихан Бөкейхан аты берілсін деген шешім қабылданды», – дейді Жаңаөзен қалалық мәслихатының депутаты Шәріп Ақжігітов. 

Биыл Алаш көшбасшысы, қазақ көсемі, көрнекті ұлт қайраткері, автономиялы тұңғыш дербес мемлекетіміздің іргесін қалаған аса ірі тұлға, ағартушы-ғалым Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханның туғанына 155 жыл толып отыр. Биыл – Азаттық жылы, Әлихан жылы, Алаш жылы. Әлихан Бөкейхан – азаттық үшін туып, азаттық жолында құрбан болған, өле-өлгенше қазаққа қызмет қылған ұлы тұлға. Әлихан мен Азаттық егіз ұғым!

Айта кетейік, Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласына қарасты Теңге ауылының орталық даңғылына Әлихан Бөкейхан есімін беру мәселесі көтерілгенін бұдан бұрын да хабарлаған едік.

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp