Бұл еңбегінде автор ХХ ғасырдың басында қазақ қоғамына үлкен сілкініс әкелген Алаш қозғалысының Тарбағатай-Зайсан өңіріндегі қызметін, Толағайдай тұлғаларын еске алып, олардың еңбектерін дәріптеуге шақырады. Бұл туралы “Qyr balasy” қоғамдық қорының баспасөз қызметі хабарлады.
Кітапта шығыс өлкедегі бай-болыстар мен Алаш қозғалысына жақтас, мүдделес болған қайраткерлердің өмір жолы мен қоғамдық-саяси қызметі туралы әр жылдары жазылған зерттеулері ұсынылып отыр.
Кітап Алаш мұрасына қызығатын оқырман қауымға арналады.