Жаңалықтар

Алаш арыстарының рөлін сомдауға кастинг жарияланды

Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы және Міржақып Дулатұлының рөлін сомдауға кастинг жарияланды!

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы Ахмет Байтұрсынұлы туралы түсірілетін тарихи телехикая актерлеріне кастинг жариялайды. Атап айтқанда, Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлының 30-70 жас шамасындағы кезін сомдауға басты рөл актерлеріне онлайн іріктеу жүргізіледі.

Үміткерлер өзі туралы ақпаратты (фото, видео) 2021 жылдың 1-31 мамыр аралығында casting@qazaqstan.tv электронды поштасына жолдауы тиіс.

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының өмірін баяндайтын тарихи телехикая биыл эфирге шығады деп жоспарланып отыр.

📞 Онлайн кастингке қатысушылар үшін қосымша байланыс нөмірі:
+7 778 528 1218.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button