Кенесары ханның бас сүйегі табылғаны рас па?

Қазақстанға Кенесары ханның бас сүйегін қайтарады. Бұл туралы тарихшы Зиябек Қабулдинов Facebook парақшасында хабарлады.

Зиябек Қабулдинов Кенесары ханның бас сүйегін қайтару жұмыстары басталғаны жөнінде сүйінші хабар жеткізді. Ол өзінің Ресей Мәдениет министрлігі құрған арнайы комиссия құрамына шақырту алғанын жазды. Тарихшының айтуынша, Қазақ хандығының соңғы ханының бас сүйегін қайдан, қалай тапқаны туралы ақпарат әзірге құпия.

«Мен ұлы ханның бас сүйегін қайтару үшін құрылған сарапшылар комиссиясының құрамына кірдім. Бүгіннен бастап ұлттық тарихымыздың мүлде жаңа кезеңі басталады. Бүгін ынтымағы жарасқан екі мемлекет – Ресей мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынас тарихында жаңа деңгейге өтеміз, достығымыз одан әрі нығайып, бейбіт қарым-қатынас тереңдей түспек.

Мен Ресейдің Мәдениет министрлігі тарапынан Кенесары ханның бас сүйегін қайтару жұмыстары бойынша ресейлік сарапшылар комиссиясының құрамына шақырту алдым. Келістім. Сүйінші! Кенесары ханның бас сүйегі табылды! Мен оның қалай табылғаны немесе оның қай жерде жатқаны туралы әзірге жеткізе алмаймын. Ол белгілі бір ресмилікті талап етеді және ол дипломатиялық деңгейдегі дүние. Бірақ бұл бастаманы Ресейдің жоғары билік өкілдері көтеріп отырғаны анық!», – деп жазды тарихшы Зиябек Қабулдинов.

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp