[:kk]Маңғыстау облысында мәдениет үйіне Фариза Оңғарсынованың есімі берілді[:]

[:kk]ҚР Үкімет басшысы Асқар Маминнің  Маңғыстау облысының кейбір мәдениет және спорт ұйымдарына атау беру және қайта атау туралы қаулысы жарияланды, деп хабарлайды Alash24.kz

«1. Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Маңғыстау аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Шоқыр Бөлтекұлының есімі берілсін.

2. Мұнайлы аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Мұнайлы аудандық орталық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Мұнайлы аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Фариза Оңғарсынова атындағы аудандық орталық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны болып қайта аталсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі»,-делінген қаулы мәтінінде.[:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp