[:kk]Қарағандыда түнгі клубта болған адамшошырлық оқиғаға қатысты жаңа деректер шықты[:]

[:kk]Қарағанды облысының полицейлері клубта болған адамшошырлық оқиғаға қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полиция департаментінің мәліметінше, бұл оқиға былтыр 5 қыркүйекте болған. Концерт кезінде 1994 және 1995 жылғы екі қызға дұрыс орнатылмаған прожектор құлап, ауыр жарақат алған. Сол түнгі оқиға туралы ақпаратты жәбірленушілердің бірі әлеуметтік желіге салған. Оның айтуынша, жәбірленушімен әлі күнге дейін ұйымдастырушылар байланыспаған, ал полиция қызметкерлері істің мән-жайын анықтамаған.

“Прожектор мен еден арасында ешқандай қосымша тіреуіш болмаған. Келушілердің бірі байқаусыздан прожекторға тиіп кеткен, содан ол қыздарға құлаған. Олар орта және ауыр жарақаттар алды”, – деді полицейлер.

Еске салайық, мұның алдында Қарағандыдағы түнгі клубтардың бірінде ресейлік “Слот” тобының концерті кезінде прожектор дұрыс орнатылмай, құлап, екі қыздың ауыр жарақат алғаны хабарланған еді.[:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp