[:kk]
2020 жылғы 19 қарашада ҚР ТЖ бірінші вице-министрі И.Д. Күлшімбаевтың басшылығымен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы өкілдігінің қызметкерлері К.Кларинваль, Т.Ататра, О.Салех, В.Стетсик және Б. Әубәкіровамен онлайн-кездесу өтті, деп хабарлайды Alash24.kz ҚР ТЖМ Медициналық-психологиялық қызмет басқармасына сілтеме жасап.
Кездесу аясында түрлі төтенше жағдайларға ден қою саласындағы одан әрі ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Біздің ведомство ТЖ туындаған жағдайда денсаулық сақтау саласындағы қауіп-қатерлерді басқаруды нығайтуда елдерге көмек көрсету мәселесінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының рөлін атап өтті.
Өз кезегінде, ДДҰ ақпараттық ресурстарды алмасу және пайдалану тетіктерін және ықтимал ТЖ-ға ден қоюдың тиімді әдістемелерін нығайту бойынша ТЖМ-мен ынтымақтастыққа дайындығын білдірді.
Апаттар медицинасы саласында бағдарламалық құжаттарды әзірлеу кезінде өзара іс-қимыл бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді.
[:]