[:kk]Келер жылы “Әліппе” енгізіледі- Білім министрлігі[:]

[:kk]

Келер оқу жылы балалар оқу жылын жаңа Әліппемен бастап, желтоқсанда Әліппемен қоштасады. Бұл туралы білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова мәлім етті, деп хабарлайды Alash24.kz

«Жұмыс тобы 20-дан артық отырыс өткізді. Ғылыми негізге, практикалық қолданымға байланысты бірнеше ұсыныс түсті. Соның бәрі зерделеніп, осы уақытқа дейін бағдарлама, оқулық жасап жүрген нақты авторлардың қатысуымен жұмыс тобы жұмысын аяқтады. Екінші мәселе, әліппенің оқу бағдарламасына қатысты оқулықтар әзірлеу жұмысы басталды. Бұл жұмыстың соңы ретінде алдағы 2021 жылдың қаңтар айында оқулықтар апробацияға енгізіледі. Ол үшін БҒМ апробация өткізетін пилоттық мектептердің тізімін бекітті. Осы бекітілген мектептерде әліппенің бағдарламасы біріншіден зерделенетін болады. Содан кейін оқулық әзірлеуге байланысты барлық кезеңнен толық өтеді. Сараптамадан өткен оқулықтар оқу жылында мектептерге енгізіледі», деді Шолпан Каринова.

Вице-министрдің  айтуынша, жалпы, әліппені 2021-2022 оқу жылында енгізу жоспарланған екен. Әліппенің жалпы мазмұны Ахмет Байтұрсынұлының әдістемесін пайдаланып жасалатыны айтылды

«Әліппе» Ахмет Байтұрсынұлының әдістемесі негізінде дайындалуда. Жұмыс тобындағы барлық ғалымдар мен мұғалімдер тарапынан бұл толық қолдау тапты. Өйткені бұл жүйе оқушылардың біліміне қатысты нағыз талаптарды қамтып отырғандығы, оның ішінде әріптер мен дыбыстардың реттілігі ескеріліп пайдаланылғаны аталып өтті», – деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметінде.

Ведомство өкілінің сөзіне қарағанда, «Әліппені» оқытудың үш кезеңі қамтылған.

«Осы орайда «Әліппеге» дейінгі кезең, «Әліппе» кезеңі, сондай-ақ «Әліппеден» кейінгі кезең ескерілген. Осының екі кезеңі «Әліппе» оқулығы арқылы іске асырылады. Ал кейінгі кезең мектептерде «Ана тілі» оқулығы бойынша жүргізіледі», – деді вице-министр.

Биыл тамыз айында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өзгерістің аясында мектеп бағдарламасына сәйкес, 1-сыныптарға 1-2 тоқсан «Әліппе», 3-4 тоқсан «Ана тілі» енгізілетінін айтқан еді.[:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp